Жылау туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Мақал-мәтелдер жинағы: 17
Балаларға арналған тақпақтар: 3
Ақын өлеңдері жинағы: 108
Қанатты сөздер жинағы: 6
Туындылар: 1
Әңгімелер жинағы: 1

Жетім жыласа, жер жылайды
©  Самет Оқанұлы
Түні бойы жоқтапты да жылапты,Таң атқанда: «Өлген кім?»-деп сұрапты.
Қажет болса, оқу үшін жылаңыз: кейінірек күлесіз.
Күлсең бүтін дүние сенімен күлсін, жыласаң жалғыз жыла.
Бүгін күлерсің, ертең жыларсың,
Бүгін дүниенің үсті, ертең асты.
Биіктеп кетсең, құлау бар,
Қуанып кетсең, жылау бар,
У ішсең, тәтті ұнау бар.
Баланың жылағаны –
Емшек сұрағаны.
Қайғы – пайдасыз,
Жылау – жәрдемсіз.
Жылау мен күлу – төркіндес.
Баласы жыламаса,
Анасы жұбатпайды.
Бiреу бiлмегендi, бiреу бiлер,
Бiреу жылайтынға, бiреу күлер.
Балаға пышақ бермесең бір жылар,
Берсең екі жылар.
Шын жыласа соқыр көзден жас шығады.
Тіріде сыйласпаған,
Өліде жыласпайды.
Жылағанды сұрама, күлгенді сұра.
Жыламаған балаға,
Емшек бермейді.
Жылайын деген баланың
Үш күн бұрын көзі қышиды.