Мал туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Басқа: 3
Мақал-мәтелдер жинағы: 163
Жұмбақтар жинағы: 7
Балаларға арналған тақпақтар: 5
Ақын өлеңдері жинағы: 57
Жаңылтпаштар жинағы: 7
Қанатты сөздер жинағы: 43
Туындылар: 1
Әңгімелер жинағы: 12
Ертегілер жинағы: 5
Шығармалар жинағы: 1
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 1
Аңыздар жинағы: 1

Мал жисаң қонысын тап,
Ас жисаң ыдысын тап.
Малды баға біл, бабын таба біл.
Малдың жайын баққан білер,
Отынның жайын жаққан білер.
Мал арыстанның аузында, түрікпеннің төрінде.
Мал аяған — аттан құр,
Төл аяған — ақтан құр.
Мал жаным садағасы,
Жан арымның садағасы.
Мал баққанға бітеді.
Малы бардың назы бар.
Мал бітпеген малдан үміткер,
Жаны шықпаған жаннан үміткер.
Малды жақсы баққаның, өзіңе абырой тапқаның,
Малды жаман баққаның, келген бақты қаққаның.
Мал - баласы, жер - анасы.
Мал төлімен жарасар, жер гүлімен жарасар.
Малды баға білмеген, пайданы таба білмейді.
Мал малсақты табады.
Малы бірдің - жаны бір.
Малшы малдың жайылғанына мәз.
Ақсақ малдың ақырына бақ.
Бұралқы мал мінуге жақсы,
Бұралқы сөз күлуге жақсы.
Белгілі малшың жоқ болса,
Беліңді бу да малға бар.
Бір ауылдың малын бақпасаң,
Мың ауылдың малын бағарсың.
Бұта түбі үй болар,
Малы көп кісі би болар.
Ердің малы - елдің малы.
Жайылымы болмаса мал азады,
Қайырымы болмаса жан азады.
Жоғалып табылған мал олжа,
Ауырып жазылған жан олжа.