meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Мақал-мәтелдер жинағы»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Сырахана жағалағанның шөлі канбайды.
©  Ермахан Шайхыұлы
Құдалықта киген тон келте болмас.
©  Ермахан Шайхыұлы
Ашу – тапанша,Ақыл – доллар.
©  Ермахан Шайхыұлы
Қатын түнде жаман емес,Күндіз жаман.
©  Ермахан Шайхыұлы
МАИ-дың тоқтатқанынан,Дәметкені қызық.
©  Ермахан Шайхыұлы
Мастың тіліне милиция түсінеді.
©  Ермахан Шайхыұлы
Әйел жүрген жердешу қалады.
©  Ермахан Шайхыұлы
Мат болған кәрөлден,Шах қойған пешкі артық.
©  Ермахан Шайхыұлы
«Ә» десе, «мә» деген қатыннан без,«Мә» емес, «бер» деген жақыннан без.
©  Ермахан Шайхыұлы
Журналистің жазғаны – керім,Жегені – желім.
©  Ермахан Шайхыұлы
Қазақтың атадан қалған еншісі –Билік.
©  Ермахан Шайхыұлы
Тоқалсыз еркек –сақалсыз теке.
©  Ермахан Шайхыұлы
Бір қазақ «Мерс» мінсе,Жүз қазақ кебіс киеді.
©  Ермахан Шайхыұлы
Кәпір сало жейді,Қазақ «Рама» жейді.
©  Ермахан Шайхыұлы
Сақау әйелге жолама,Сайқал сайлауға жолама.
©  Ермахан Шайхыұлы
Жаман қазақтың аузында – сүр ет,Жаңа қазақтың алдында – күзет.
©  Ермахан Шайхыұлы
Байдың шарапаты тиер тар жерде,МАИ-дың кесапаты тиер әр жерде.
©  Ермахан Шайхыұлы
Қызмет санасы барға емес,«Каналы» барға келеді.
©  Ермахан Шайхыұлы
Сана жеңбегенді,Пара жеңеді.
©  Ермахан Шайхыұлы
Жаңа қазақ мақтанса,Ағылшын тілін білем дер.
©  Ермахан Шайхыұлы
Үй іші, ағайын туралы
Немере етін жеп, сүйегін қалдырады.Еркек сергек ұйықтаса, ырыс бітеді,Әйел сергек ұйықтаса, жұмыс бітеді.Ағам бар еді мір тілді – жағам жыртылды.Бір..
©  Дихан Қамзабекұлы