meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Мақал-мәтелдер жинағы»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Оты жанбаған қатын ашулы,
Мылтығы от алмаған батыр ашулы.
Ердің жасы — екі елу.
Елуінде ер — дана,
Елу жылда ел жаңа.
Жүрек — ер, бас — кемеңгер.
Саналы ерде — сауыт бар,
Санасыз ерде — қауіп бар.
Сенің шешен болғаның —
Шер халықтың арқасы.
Сенің көсем болғаның
Ер халықтың арқасы.
Ер өтірік айтпайды,
Ел өтірік айтады.
Қасындағы жау
Қанжарын қапыда қадайды.
Ер өтірік айтпайды,
Ер өтірік айтса да
Ел өтірік айтпайды.
Жайсаң жігіт болғаның,
Жолдасың арқасы.
Қайсар жігіт болғаның
Қолбасыңның арқасы.
Қуаттының қолы ұзын,
Талаптының жолы ұзын.
Ер айтса — ел айтқаны
Елдің қамын жеп айтқаны.
Батыр жарқырап жүреді,
Қорқақ — қалтырап жүреді.
Қырық жыл қырғын болса да,
Ажалды өлер.
Алысар болсаң, шыныңды айт,
Табысар болсаң, сырыңды айт.
Ынтымақ — орман,
Жау ала алмас — қорған.
Ел басына күн туса,
Ерлер атқа ер салар.
Қасапшының үйінде
Қайрақ тұрар.
Қас батырдың үйінде
Байрақ тұрар.
Елінен айрылған ер мұңлық,
Көлінен айрылған қаз мұңлық.
Кісі есігі — тоң есік,
Ерітерге ер керек.
Өзі саққа, құдай жақ.
Үйренген жау атыспаққа жақсы.
Қасың менен досыңды
Қас-қабағы танытар.
Арыстандай жігітте
Алатаудай үміт бар.
Сойылды соңғы соққан жеңеді.