meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Мақал-мәтелдер жинағы»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Алтын отпен, әйел алтынмен, еркек әйелмен сыналады.
Шынайы махаббат айырылысумен ұмытылмайды.
Бірі екіншісіндей дәрежеде бай болған кезде, бауырлар бір-бірін жақсы көреді.
Өзгені айыптағаныңдай өзіңді айыпта,
Өзіңді кешіргеніңдей басқаларды кешір.
Адам ең қатты сүйіктісін,
Ең жақсы түрде жанұясын,
Ең ұзақ анасын жақсы көреді.
Өтірік жылдам шабады,
Шындық қадам-қадам басады,
Бірақ сонда да уақытында жетіп келеді.
Ойладың ба? - Істе!, Істедің бе? - Ойланба!
Жоғарыға көтерілгісі келетін адам - баспалдақ ойлап табады.
Алыс сапар да - жақын жолдан басталады.
Ағаның алды - кең жайлау.
Бай - байға, сай - сайға.
Жеген - тоқ, ішкен - мәз.
Кедей - байға жетсем дейді, бай - құдайға жетсем дейді.
Кедейдің қолы қысқа.
Бай баласы мақтанса - жылқыдан жорға міндім дер,
Би баласы мақтанса - парадан шапан кидім дер.
Тоқ бала аш баламен ойнамайды,
Тоқ кісі аш қалам деп ойламайды.
Көңілім келсе – көлдеймін,
Көңілім келмесе – шөлдеймін.
Қолынан келген қырынан қояды.
Кішкентай тастан
Қауақтай бас жарылады.
Күйеу – жүз жылдық,
Құда – мың жылдық.
Үйге кірген жыланды да
Басына ақ құйып шығарады.
Қажып жүрген адамға,
Қарсы алдынан шыққан ит,
Қасқыр болып көрінер.
Ақша кетуге тырысады,
Есеп ұстауға тырысады.
Тауықтың түсіне тары кіреді.
Балта сабынан озбайды.