Жануар туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Мақал-мәтелдер жинағы: 106
Жұмбақтар жинағы: 1
Балаларға арналған тақпақтар: 9
Ақын өлеңдері жинағы: 64
Жаңылтпаштар жинағы: 9
Қанатты сөздер жинағы: 13
Әңгімелер жинағы: 1
Ертегілер жинағы: 19
Шығармалар жинағы: 3
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 1
Эсселер жинағы: 3

Саулықтың жасы үлкен,
Қошқардың басы үлкен.
Түйе — шудасын,
Жылқы жалын,
Сиыр мүйізін төсейді.
Жақсы айғырдың үйірін ат жақтайды.
Байтал шауып бәйге алмас.
Түлік — төлден өседі.
Мал жайған малдың жайылғанына тояды.
Мал жуасы — қой,
Аң жуасы — қоян.
Малды қыс құмға,
Жаз шымға айда.
Кесімді малға өсім бар.
Қарағайға сүйеніп тал өсер,
Басқа сүйеніп мал өсер.
Есекті ысқылағанша, иығын шұқыла.
Аю — аңғал,
Түлкі — айлакер.
Түлкі түсінде
Тауық көреді.
Асыранды күшік
Аузыңды жалайды.
Ауыл итінің достығы
Сүйек тастағанша.
Қойға қасқыр шапса,
Ит семіреді.
Ит ұяласынан қорықпас.
Итті күшігім десең,
Аузыңды жалар.
Алжыған төбет айға қарап үреді.
Ит итті жұмсайды,
Ит құйрығын жұмсайды.
Түлкі алған итте сын болмас.
Табаны қышыған ит керуенге өреді.
Ақ ит, қара ит, бәрі бір ит.
Иттің жатқан жері — төсегі.