Бөлім: «Мақал-мәтелдер жинағы»
Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).

Сарттың азығы адал болса,Жол үстінде жер.(Сарт – саудагер).Бұл мақал өзін адал, таза санап, кеудесін керетін кісілерге арнап айтылады.
© Түркі халықтары
Ауылда лақ туса,Арықта оты өнер.(Арық – өріс, от – шөп мағынасында).Бұл мақал азық пен ырыздық үшін өте көп қайғырудың қажеті жоқ дегендіуағыздайды.
© Түркі халықтары
Аңшы қанша айла білсе,Аю сонша жол білер.Бұл мақал əккі, өте тəжірибелі екі адам бір-бірімен айтысып, дауласып, ерегісіпқалғанда айтылады.
© Түркі халықтары
Адам аман болса, өмірден көп көрер.(Есен болса жаның – көрерің көп).Бұл мақал адамның жаны аман болса, алдында көрері көп дегенді насихаттайды.
© Түркі халықтары
Ауыз жесе, көз ұялар.Бұл мақал біреудің затын сатып алған, яки жеген, бірақ оны қайтара алмай қиналғанадамдарға арнап айтылады.
© Түркі халықтары
Түлкі өз ініне үрсе, қотыр болар.Бұл мақал өз елінен, жерінен, шаһарынан, тұқымынан безген сатқындарға арнапайтылады.
© Түркі халықтары
Иірі болса, ер өлмес.(Иір – іш ауруына пайдаланылатын емдік тамыр).Бұл мақал əр нəрсенің алдын алу керек деген мағынада қолданылады.
© Түркі халықтары
Қазан айтар: «Түбім алтын»,Шөміш айтар: «Мен қайданмын?!»Бұл мақал өзін танитын адамдардың алдында бөсе беретін мақтаншақ кісілергебағыштап айтылады.
© Түркі халықтары
Адам болсан елге пайдан тисін, Батыр болсаң жауға найзан тисін
Депутатты «сайрай бер» деп дауға қой,Министрді «сата бер» деп малға қой,Ал халықты қару беріп жауға қой!
© Ермахан Шайхыұлы