meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Мақал-мәтелдер жинағы»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Алақанына су да тамбайды.
Көзінің мың сұмдығын
Өзінің кірпігінен де жасырады.
Тілеуі мықтының тірегі мықты.
Тілі – басымен құрдас,
Қалжыңдаспай тұрмас.
Тордағы торғай
Төбедегі тырнадан артық.
Сырнаймен дауыл жасамақ.
Істі кім аяқтаса,
Сол тындырды.
Шырағың түгіл,
Шынарыңды да көрмейді.
Көп білу – тоқ жүру.
Ірі моншақты
Інжу деп тамашалапты.
Қауын жеймін десең,
Қалтырауды да біл.
Егер тәуіп таз болса,
Алдымен өз басын емдер еді.
Кебісіңнің кетілгеніне де мені кінәлаймысың.
Серкенің бәрі бірдей қырман баса алмайды.
Есекке сиырдан қалған сабан да сарқыт.
Өзі соқыр,
Ымдап отыр.
Сұратпай берген – мырзалық.
Өтірікшінің жады қысқа.
Соқырға шырақ не керек.
Пияз да миуа тобына кіріпті!
Жер жүзін топан су алса,
Ұйқысын үзер ол емес.
Сыйға тартқан аттың тісіне қарама.
Алтын беріп,
Ауру алды.
«Алуа» деп айтқанмен,
Аузыңның дәмі кірмейді.
Қалтасынын қораздың құйрығы қылтияды.