meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Мақал-мәтелдер жинағы»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Еркек үйдің – иманы,
Әйел – үйдің жиғаны.
Жетесіз әйел ер қадірін білмес.
Әйел асқақтаса, жылайды,
Еркек асқақтаса, құлайды.
Жақсы әйел – ері ұялар іс қылмайды.
Қатынның шайпау болғаны – болмағаны,
Келіннің шайпау болғаны – оңбағаны.
Қатын ашуланса қазан қайнатар.
Елді қорғайтын – ерлер,
Ерлерді тәрбиелейтін – әйелдер.
Тыртақай жігітке,
Жыртақай әйел кез болар.
Жаман ағаштың жемісі де кеміс.
Шаппа өз сабын шаппайды.
Үндемеу – күндемеу емес.
Биесі жаман болса,
Иесіне қайтар.
Ұзақ жолдың өкініші мен реніші мол.
Алақанмен араластырдың,
Ал, алуаң қайда?
Мұратқа жетер қорқақ жоқ.
Жын діннен безсе,
Сұм күннен безеді.
Қасқырдан қорықан қой ұстамайды.
Арқасын қаситын да тырнағы жоқ.
Зұлым өз дуалын өзі құлатады.
Даяшы аяшыңнан да абзал.
Екі күннен кейін жаңа құмыраның суы да суып кетеді.
Дар да – ағаштан,
Мінбар да ағаштан жасалады.
Теңізге інжу тасымас.