meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Мақал-мәтелдер жинағы»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Исаның есегін Меккеге апарсаң да,
Есек қалпында қайтады.
Адам болсаң,
Адаспай көр.
Кеш келсем де,
Көш боп келдім.
Шындық семсерден де өткір.
Біреуге – бал,
Біреуге – зәр.
Үйдің орнықтылығы қабырғаларынан.
Мүшкі мен ки теңелсе,
Әтірші қаңғырып жөнелер.
Кесенің ішінде де есеп бар.
Шындықтан өтірікке дейін төрт-ақ елі.
Сол баяғы табағың,
Сол сондағы тамағың.
Өгіз тыпырлайды,
Арба сықырлайды.
Шырақты түнек үшін сақта.
Жинау мақсат болса –
Алтын ба, тас па – бәрібір.
Зураны жуан жағынан үрледі.
Жұмсақ тіл –
Жорға желісті.
Білдірмейді бүлкегін.
Біреудің қолымен жыланның басын мылжалайды.
Қарыз беру уайым емес,
Қайтарып алу уайым.
Шетте отырғанның жүрегі кең соғады.
Семірткен қойың осы ма?
Құйрығы қайда досым-ау?
Ауылдың жолын білмей тұрып,
Ауылнайдың жөнін сұрайды.
Үлкен төс – ұрмау белгісі.
Қисынсыз болжау,
Түйсінсіз қалжа.
Бөрі боп туса,
Бота боп жартпас.
Есікті төбеге шығарған –
Төменге де түсіре алады.
Бөріге барсаң,
Арыстанның қаруын ал.