meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Мақал-мәтелдер жинағы»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Нар ұстасаң, жарыңды биік қып соқ.
Жығыларың бар
Несіне көтерілдің.
Өзіңді құштарлық билесе, көзіңнен ұйқы қашар.
Мұрны кесілген жан пышақты аузына да алмас.
Денім де,
Денем де өзімдікі.
Жаман әдеттен тиюға,
Жақсы әдетті аяма.
Орындалмасын десең,
Бір істі бес кісіге тапсыр.
Жарылқарым — денем,
Сонан кейін — әлем.
Бәрінің бағасы бақалшының қалтасында.
Саусақтар да сақинаға таласады.
Үй де қараңғы, әжем де жоғалды.
Аяғыңның ұшына да қара,
Аллаңның тұсына да қара.
Тырнақ пен тістің етіндей,
Татулықта түйткүл жоқ.
«Жанымды құрбан» дегенге
Жалаңаш қылды төседі.
Оразаны ол тұтып,
Ауызашарын бұл жасайды.
Өз түйінінен
Өзгенің тиынын артық көреді.
Босап қайтқан уысым –
Жауымнан бетер туысым.
Тағдырдан тазша да құтыла алмайды.
Кірпіктің көзге ауырлығы жоқ.
Ерніңді шүйірдің,
Етегіңе шиырдың.
Бір таспен екі құсты ұрып алды.
Қақсал атты қарғытуға үйретпе.
Зауық пен пікір — әртүрлі.
Жолбарыстың үңгірінен жолбарыстың күшігі өреді.
Төбемде – қабылан,
Төменде – шыңырау толы жылан.