meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Мақал-мәтелдер жинағы»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Тауғаш (қытай) ханының торқасы көп,Өлшемей пішпес.Бұл мақал əрқандай іске мұқият болып, ысырапшылық жасамауға шақырып айтылады.
©  Түркі халықтары
Қарғаның кəрісін кім білер,Адамның аласын кім табар.
©  Түркі халықтары
Үйірлі құлан көсемсіз (айғырсыз) болмас.Бұл мақал біреуді басқа кісіге қосып жіберу үшін арнайы қолданылады
©  Түркі халықтары
Мүсəпірге мың жаңғақ,Көппен бірге айрықша таяқ.
©  Түркі халықтары
Қауыны таланса, иесі қос қолдап тартар.Бұл мақал иесінің өз дүниесіне күйінішін білдіреді.
©  Түркі халықтары
Ханның ісі болса, ханымның ісі қалар.
©  Түркі халықтары
Елдік, ерлік туралы мақал-мәтелдер жинағы
Ер айтпас, айтса қайтпас.   Ер кешуде, нар көшуде сыналады.Ел даусыз болмас,Ел жаусыз болмас.Ер шаруасыз болмас,Ер жарасыз болмас.Ездің тілі..
Қарияның сөзі бекер болмас,Жалғыз шыбық бақша болмас.
©  Түркі халықтары
«Туғаның» дегенге қарамадық,«Құда» дегенде жалт қарадық.Бұл мақал ағайын-туған, жекжат-жұраттардың арасында құданы құрметтеп, арнайы сыйлауға..
©  Түркі халықтары
Жер жыртарда ұқыпты болса,Қырман уақытында жанжал болмас.Бұл мақал əрқандай істің ақырында ұрыс-жанжал болмауы үшін алдын ала келісіп алған жөн деп..
©  Түркі халықтары
От түтінсіз болмас,Жігіт жазықсыз болмас.
©  Түркі халықтары
Жейін десе-тісі қақсайды,Берейін десе-іші ашиды.
Бір әке он баланы баулып шығар,Он бала бір әкені ауырсынар.
Мұздан өтсең, ағып өт,Ойылғанша өтерсің.Судан өтсең, сабыр ет,Сарқылған соң кетерсің.
Қателескеннен қатені түзетпеген жаман.
Жаманның кесепаты бір шақырым  ілгері жүреді.
Көрге кірген тірі шықпас,Үйге кірген құр шықпас.
Табыстың бір ұшы білекте,Бір ұшы жүректе.
Атың жүрдек болса,Қамшы не керек.
Орақ ұстап әкең қалғанша,Оймақ ұстап шешең қалсын.
Кісіде ақыл болмаса,Көз дегенің құр әйнек.
Үйдегі сөз базарға жарамайды.
Алтыныңа сенгенше,ақылыңа сен.
Бетімнің қалыңдығы – жанымның рахаты