Көпшілік туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Мақал-мәтелдер жинағы: 42
Ақын өлеңдері жинағы: 6
Қанатты сөздер жинағы: 16
Баталар жинағы: 28

Көпті алдаған,
Көрінде өкіреді.
Көптік қайда болса,
Тоқтық сонда болады.
Көптің ауызы —
Темір талқы.
Көптен қулық артылмас,
Көзді дария сарқылмас.
Көп ұнатса,
Көк тоқтыңды сойып бер.
Көп дәнекер
Көлді де бекітер.
Аздың атасы бір,
Көптің батасы бір.
Көбікті төкпе,
Көпті сөкпе.
Көштен бөлінсең де,
Көптен бөлінбе.
Мың ұрғанды жын ұрады.
Көпке топырақ шашпа.
Құдайға жазсаң жаз,—
Көпке жазба.
Көп қараса, жоқ табылар.
Көп күлкісі күннен де ыстық.
Көптің қолы көкке жетеді.