Бөрі туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Басқа: 2
Мақал-мәтелдер жинағы: 36
Ақын өлеңдері жинағы: 33
Қанатты сөздер жинағы: 3
Әңгімелер жинағы: 2
Поэмалар: 2

Өлі бөріден ит аттамас.
Ауыл иті ала болса да,
Бөрі келгенде бірігеді.
Қой тілегі - амандық,
Бөрі тілегі - жамандық.
Аңқау бөрі қой үркітеді,
Ақылсыз адам ел үркітеді.
Жау қайда деме, жар астында,
Бөрі қайда деме, бөрік астында.
Ұры түн асқанша,
Бөрі қыр асқанша.
Бөркіңді беріп
Бөріден құтылмайсың.
Иттің ұлығанын бөрі есітпес.
Жау жоқ деме
Жар астында,
Бөрі жоқ деме
Бөрік астында.
Бөрі боранды ұнатады.
Бөрікті тастап, бөріден кұтылуға болмайды.