meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Мақал-мәтелдер жинағы»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Аштықта алтыннан жарты уыс жарма артық.
Дәулет басса –
Ет басады,
Бейнет басса –
Бит басады.
Бұра сөйлеген күлуге жақсы.
Жасырған кеселді өлім әшкерелейді.
Берген жомарт емес,
Алған – жомарт.
Диуананы ұрса, мазарға қашар.
Жаманның тонын кисең,
Тойда даулайды.
Білтесіз шырақ жарық шашпас,
Әрекетсіз жігіт ілгері баспас.
Арпа жеген ат ойнақтар.
Ақылды отқа қарайды,
Ақымақ қазанға қарайды.
Жаман жоқтан жоғарылау.
Маңдайы құтты – батыр,
Таңдайы құтты – шешен.
Жаман өзі үшін бүлінеді,
Жақсы елі үшін жүгіреді.
Айға сенген үсіп өлер,
Байға сенген аштан өлер.
Күніне ет жеген жан мал табар ма?
Айында ет жемесе, жан бағар ма?
Бай малайдың парқын білмейді,
Бәйбішесі артық тілдейді.
Қауіпің қайда болса,
Қатерің содан.
Жарлымен жауласқанша,
Баймен барымталас.
Балам көп деп мақтанба,
Топқа кірмей жатқанда.
Жас шағында сүзеген болса,
Қартайғанда сотқарлығы тізеден болар.
Адам болу — әсте-әсте,
Айуан болу — бір пәсте.
Баяғы, баяғы –
Байқожаның таяғы.
Білгеннен көргенің көп,
Көргеннен көрмегенің көп.
Арам тамақ ас болмайды.
Көк байталға мінген сергексиді,
Көгершінді ілген мергенсиді.