АЖАЛДЫ ЖЕҢГЕН АЛЫП
Ұлы Отан соғысының ер жүрек сарбазы, ұстаз, Кеңестер Одағының халық мұғалімі Құмаш Нұрғалиев хақында
I
Қоймайды музам мазалап:
«Ерлікке сапар шек!» – дейді.
Ажалды жеңген азамат
Көкейден бір де кетпейді.
Тамырын алған, тереңнен
Тәкаппар бейне емендей,
Тұлғасын ерен көрем мен
Жоғалған бұтақ еленбей.
Қиялды тербеп кашаннан
Саңқылдап сарбаз үні анық.
Шоқтығы биік жас арман
Секілді өршіл бір алып.
Қыспақта қайсар каһарын,
Танытқан кұрыш бір қазақ.
Жаһанға жайған атағын,
Жорығы жойқын ер ғажап!
Көбелек қуған шағы оның
Алтайда сырдай сақталған.
Естілген шақта жау оғы,
Қорғауға елін аттанған.
Теңізде талай аңыз бар,
Адам да – толқыр теңіз ғой.
Жырлауға едім қарыздар,
Өзіңде батыр, ең ізгі ой.
Теңіз де салып асырын,
Бір сәтте барып басылар,
Жаны да адам – жасырын,
Түнеріп берде ашылар.
Толқынын шайқап төзімнің,
Тебірендің екен кеше рет?!
Ағаты болса сөзімнің
Қабыл ал шыны осы деп.
Жылдардың жүйрік маусымын
Госпитальдан-ақ ұзатып.
Аңсадың ба екен тау шыңын
Шығатын шақты құзға тік?!
Кемшінің ешбір жоқ ойда
Сайрандап жүріп тау ішін,
Сағындың ба екен тоғайда
Мамыржай марал дауысын?
Екеуден жүзген аққудың
Қарадың ба екен сәніне,
Ыбырай салған «Гәкку»-дің
Қосылдың ба екен әніне?!
Сеземін, уа, батырым,
Қанатың болса ұшар ең!
Сайрандап сан мың шақырым,
Теңізді асау құшар ең!
Қаққызып қиял қанатын
Альбатростай қалықтар,
Толқуға терең салатын
Балтыққа мені алып бар.
Көрсетші бізге қаласын,
Қанды айқас өткен Ауцтің.
Қаһарман! Ойға аларсың
Дүмпуін сол бір тартыстың.
Қырық жыл салып араға
Қиялым жүйрік шарласын.
Ал өзің айтшы, жан аға,
Сұрапыл ерлік жалғасын...
II
– Тітіреп кеткен жер мен көк
Алапат айқас есімде.
Фашистер қаптап ербеңдеп,
Өршеленген шақ өшіге.
Өліспей берілер емес,
Тасбақалардай танкісін.
Төгеді салып ерегес,
Аямай ақтық бар күшін.
Ауц-тің оңтүстігінде,
Сұрапыл соғыс кезі еді.
Фашистер күні-түні де
Қаруын қарсы кезеді.
Атқыштар батальонын
Бастырмай алға бір адым.
Боратады кеп жау оғын,
Бітелер шудан құлағың.
Көк аспан күндей күркіреп,
Жатқандай бейне жер мөңкіп.
Зеңбірек гүрс-гүрс зіркіреп,
Аумайды-ау окоп көрден түк.
...Кеше де солай, бүгін де,
Алапат айқас – дерт енген.
Теңкиіп жатыр біріндеп
Танктер талай өртенген.
Жылжысаң болды, бүркіп оқ,
Жолатпас жаудың дзоты.
Алмасып жиі тың тыңдап
Сыртында тұрған күзеті.
Шабуылы жаулардың
Баянсыз болып біткесін,
Арасыменен баулардың
Елеусіз барып нүктесін.
Жойыңдар! – деген бұйрық ап
Ертті де Құмаш бесеуді.
Еңбектеп құрдай жорғалап
Қоршаулы сымды кеседі.
...Он тоғыз жаста болатын
Тап сол бір жылы Құмаш та,
Автомат қолға алатын
Қас жауларды атып құлаштай.
Ақ тілеу тілеп артында
Тосуда кәрі анасы,
Қалыңдық күткен қалпында –
Көзінің ақ пен қарасы.
Күтуде Алтай таулары,
Күтуде мөлдір Марқакөл.
Маралды, миуа, бау-бағы
Күтуде туған арқалы ел.
«Тосамын, Құмаш, өзіңді,
Айныман берген сертімнен.
Таулар мен алам төзімді,
Көлдердің тұнық көркінен!
Ұшырам көңіл кептерін
Ұшбұрыш конверттерменен,
Махаббатымның дәптерін
Толтырар сөз көп кернеген.
Тар жолдан, тайғақ кешуден
Өтсең де, мейлі, бол аман.
Махаббат отын өшірмен
Жүрегім сені қалаған!
Сағыныш сезім бұл ерген,
Қанипаң болар жан-жарың.
Ашылсын күндер түнерген
Шуаққа толып жан-жағың!» –
Осынау сөздер өзіне
Тастағандай-ақ күш құйып,
Көрінді фашист көзіне
Қаруын асқан сұқсиып.
– Абайла! –деп бір ым қақты
Құмаш өз серіктеріне.
Қиылған қоршау сым жатты
Жау тұрған Латыш жерінде.
– Мә, саған!... –
Құмаш тістеніп,
Гранатасын лақтырды.
Дзотқа тура түскені...
Командир: – «Жаса!» – деп тұрды.
Бұрқ етті!.. Ажал тесіктің
Көкке ұшып бөренелері.
Қаңқасы қалды есіктің,
Күлдіреп керенелері.
– Алға! – деп Құмаш уралап...
Соңынан ертіп ротаны.
Ұмтылған шақта туралап,
Бекінген жаулар жотаны.
Гүрс етіп түсті снаряд
Құмаштың тура касына.
Бүйірден тұрған сығалап
Атыпты жаулар ашына.
Су қараңғы боп төңірек
Жарқылдап түскен жасындай,
«Алға!» – деп жатыр күбірлеп
Құмаштың көзі ашылмай.
III
Сауығу итарқасының
Ішінде өңшең жаралы.
Егделер менен жасының
Осында жатыр талайы.
– Нұрғалиев Құмашты
Қай тұстан табар екенбіз?..
– Дабырламаңыз тым ащы! –
Деп қойды Валя деген қыз.
Командирі екен полктің:
– Саған, – деп, сержант, рақмет! –
«Қызыл Ту» орден тағып тұр, –
Кешіккен үшін ғафу ет!
Командир толқып, бас салып
Құшақтап сүйді Құмашты,
Құмаш та көзге жас алып,
Жүректер ыстық ұласты!
Жүруге әлі келмейді –
Басуға жоқ қой аяқтар –
Ұстауға мәні келмейді –
Қолы жоқ, гипс, таяқ бар!
Снаряд алып кетіпті
Бір қолын, екі аяғын.
«Аңсайды темір етікті»,
Аңсайды ұстар «таяғын».
Жүрегі аттай тулайды –
Тынымсыз дүрс-дүрс соғады.
Бас мең-зең. Құлақ шулайды
Әйтеуір, өлген жоқ әлі.
Жайнап тұр ойлы көзі де,
Қалпында шалқақ кеудесі.
«Шүкір» – дер соның өзіне
Беу, табиғаттың пендесі!
Жатқаны тыныш болмаса,
Қозғалу қайда – тұрмайды,
Дауалы қолға алмаса
Үзілер үміт – бұл қайғы.
«Арамен кесіп тастайтын
Емес қой адам бөрене!» –
Сондықтан хирург саспайтын, –
«Еміме деп ол көне ме?»
Сағаттар, күндер, айларын
Төзіммен темір өткеріп,
Ажалға қарсы майданын
Бастады адам кек керіп.
Шылбырын ұстап шыдамның,
Шыңдады өзін ұдайы.
Дегендей болған шығармын,
Өмірімнің өзім «Құдайы».
Москва... Радио көшесі
Әскери ауруханаға
Кеп жеткен еді шешесі
Көңілін сұрап балаға.
Көрді ана алғаш шошына
Шөрке боп қалған өз ұлын.
– Жасыма, балам, жасыма! –
Деді ана ойлы, көзі мұң.
Әйтеуір, аман оралдың
Бұл-дағы тағдыр қосқаны-ау.
– Елге де есен барармын
Қайғыра берме босқа ана!..
Қабақпен ұғып жан жарын
Күтеді Қанипасы да.
– Қайтыңдар елге, жандарым,
Күтушім көп-ақ қасымда.
Құмаш та езу тартады:
– Бұйырса барам он айда.
Қалды ғой артта қорқары,
Жетем! – дер елге – қалайда!
IV
Соғыстың өрті сөнгелі
Өткенмен біраз уақыт.
Сыздатты сарбаз кеудені
Бір сырқат меңдеп бейуақыт.
Екі жыл бетпе-бет келіп
Ажалмен өтті арпалыс.
Дәрігерлер игі іс өткеріп,
Қалмады күдік, қалтарыс...
Екі жыл төсек үстінде,
Мелшие қарар қабырға.
Ұстарту білім – іс күнде,
Жеңдіру, ақыл, сабырға.
Ақ халат киген абзалдар
Баладай күтті Құмашты.
Мінезі жоқ-ау бақжаңдар,
Дарынды, білгір, құлашты.
Қондырған солар жасанды
Құмашқа қол мен аяқты.
Таңғажап тірлік жасалды,
Сенімді сергек оятты.
Аяқ, кол өгей болса да,
Етене енді мәңгілік.
Ақырғы еді бұл шара
Тұрғанда бойда қан жүріп.
«Бұған да шүкір» – дер Құмаш, –
Мерт болсам кеше қайтар ем?!
О, өмір, енді бер құлаш!
Жүзейін! Теңіз – ой терең!
Жүреді бүгін жер басып
Аяғымен ол жасалған.
– Өмірге едім мен ғашық
Жүректен ұш! – деп жас арман.
«Келдің бе перзент» – дегендей
Тербелер маңғаз Марқакөл.
Тау Алтай көзін көгендей:
«Қырыма шықшы, қалқа», – дер.
Көк майса Боран ауылы
Еңселі жаңа мектептен,
Дегендей: төрлет, тау ұлы,
Сен ұстаз шәкірт көктеткен!
Пушкин маржан жыр өрген
Ұлы орыс тілін ғашық боп,
Жасынан Құмаш үйренген,
Ұстаздық шаққа асық боп.
Мінеки, сол бір қиялы
Бүгінде бейне гүл атқан.
Сабағын беріп тұр, әне,
Орысша пәннен ұнатқан!
– Ленин мен Пушкин сөйлеген
Не жетер орыс тіліне?
Осынау тілмен өрлеген
Өрелі өркен күнім де.
Бұл тіл дер, – Құмаш, тілдердің,
Дүлдүлі, ойлы, озығы.
Ол – ортақ тілі елдердің
Шындықтың шымыр қазығы!
...Москва көрме төрінен
Сыйлы орын алып кеткенін, –
Көрермендердің көбі де
Біледі Боран мектебін!
Өйткені оған директор
Ажалды жеңген алып ер.
Азамат дерсің ерек бір
Танымал ұстаз тәлімгер.
Тұнық бір ойлы көзі де
Марқакөлдің өзіндей.
Ақылды, алғыр сөзі де
Аяулы асыл сезімдей.
Даладай жазық маңдайы,
Қарақат – қою қастары.
Әжімсіз, ақсыз самайы, –
Басса да алпыс асқарын!
V
Осылай өмірбаяны
Ажалды жеңген алыптың.
Айтылар аңыз, бар әлі
Батыры жайлы халықтың.
Саумалды салқын еседі
Самалы Алтай тауының.
Сағынған сынды кешегі
Сайраншыл сергек тау ұлын.
Ойға, алар Құмаш осы шақ
Ажалды жеңген ерлігін.
Қарайды тауға көңіл шат
Менде-ау, деп сенің ендігің!