02.10.2022
  460


Автор: Гүлсім Сатыбалды

Сағыныш

 


Іздеп әке өзіңді от боламын,
Жиырма екі жыл бопты-ау, жоқтағаным.
Қуансам да, қамығып қайғырсамда,
Әке сенің , орныңа көп қарадым.



Бүгін бардым, басыңа сен кеткелі,
Төмпешікпен көк тас тұр, селт етпеді.
Жұбатар ең, жыласам бала кезде,
Құлыным деп құшақтап, сен тек мені.


 


Құран еді азығың, дастарханың,
Мен өзімше, дұғамен ас тартамын.
Өлмейтіндей жүрміз ғой, бұл жалғанда,
Кешір бізді, ренжітсек Асқар тауым!


 


Болады екен күңкілі жұрты бардың,
Әділсіздің көп көрдік, мұң тұманын.
Өзің тиме, тигенді аяма деп,
Үйреткен сол шыңыңа ұмтыламын.


 


Сенім артып, сен маған кеткенің де,
Ауыр жүк деп, ескертіп өтпедің бе?!
Ысырып сап, ініме қойушы едім,
Мұң азба еді, қыз бала өткелін де?


 


Кеуде тостым, дауылдың ызғарына,
Түспеу үшін,даланың құздарына.
Бауыр үшін, сен үшін, анам үшін,
Ыстыққа да, көндіктім мұзға мына.


 


Сағынғанда ұмытам, шат күнімді,
Өзің болған ұлдарың тап бүгінгі.
Тәңір оңай, тіршілік бермейді екен,
Сынақтарсыз, басыңа
бақ гүліңді!


 


Пейіліңмен жүрер ек, тасып-толып,
Көпшілікке құмар ең, асық болып.
Тұрмыстағы бұл қызға өзің болсаң,
Келер едің, сан рет, асып-толып.


 


Барма тағы әкешім, бақ-талабың?
Жайғасып тұр, бау-бақшаң баптағаның.
Білем әке, бәрінде көріп жүрсің,
Сен жоқ деген жандарға, жат боламын.


 


Бүгін әке, есепке тоқталамын,
Шама-шарқым келгенше тоқтамадым.
Разы болшы әкешім ұл-қызыңа,
Туғаныма өзіңнен мақтанамын.





Пікір жазу