02.10.2022
  154


Автор: Гүлсім Сатыбалды

Өргебасым

 


Жер қашықта болғанмен жүректесің,
Қарт қазынам, ұл-қызы тілектесім.
Қанат қағып ұшсам да, ұмытпаспын,
Туған жерім, жүрекке гүл екенсің.



Заманның, тарихына қашалған жер,
Назарына Аллаһым, хош алған жер.
Жұртын сүйген, сүйгізер елін, жерін,
Құдіреттім, жәннәтім, көш алған жер!


 


Абыройың, асқақтап биіктесін,
Құнарыңнан құндыны жиып терсін.
Мақтан тұтам, туған жер бауырларым,
Құшағыңа, қуаныш үйіп берсін!





Пікір жазу