02.10.2022
  1591


Автор: Гүлсім Сатыбалды

Бауырларыма

 


Өзіңменен бауырым, қыс та арайлы,
Үлкен әулет, үлкен бір күш қалайды.
Мейірімнің, туылып сарайында,
Тамсандырған, тәрбие тыс талайды.



Талғамады тірлікті, бала ғұмыр,
Санасуды салмадық санаға бір.
Басып қойған, жүрекке, сол бір мөрмен,
Басымызды қосамыз заманда бұл.


 


Біз жемедік тірлікте, ақы жаттың,
Ақымағы болдық сәл ақымақтың.
Бойымызда, тектілік қан болмаса,
Сыйы бізге түспес ед(і) атыраптың.


 


Ата-ана, отбасы ғұрыптарын,
Жүрміз әке, ана боп, ұғып бәрін.
Сағынғанда, көбіне өздеріңді,
Кей баланың ұқсатам қылықтарын.


 


Бауыр дейтін бұл күнде жүрек керек!
Бас пайдаға жүрген бар, күн өкпелеп.
Мақтан етем бауырым өздеріңді,
Жүргеніңді, бір-бірің тіреп, демеп.


 


Не ісі де, жалғанда тізбектелген,
Баламенен бауырды іздеп келген.
Атамызда, адалдық болмағанда,
Өтерм(е) едік, ирелең жүз өткелден?!


 


Өздеріңдей жанашыр, жан таппаймын,
Жан ұшырып, қашанда жалпақтайтын.
Қуекеңмен, Зәукеңнен шыққан бізге,
Алла берсін, БАҚЫТЫН, тарқатпай күн!





Пікір жазу