Ұстаз-Ұлы тұлға
Табатұғын ұстаздан жан асылын,
Сезінгендей білімнің дара шыңын.
Төрт жасымда мектепті сығалаппын,
Жолын қуып Абайдай баласының.
Қолда жұрнал, қалам бар керектерім,
Жетпесе де, мектеп жас өбектедім.
Арғы жылы кел деген ұстаздарға,
Болған еді ренішім бөлек менің
Көрдім мектеп, жас жетіп, күн кемелін,
Ұстаздардан жаттықты тіл мен ебім.
Ойнап жүріп оқыдым қызық қуып,
Өзіңменен толықты білмегенім.
Сенің берген білімің, құндағымда,
Жанши алмас жолымды, сыр да, мұң да!
Білім берген, Өргебас ұстаздарым,
Құдіретің тұр ма (е)кен, құмды ауылда?
Өздеріңе ынтығып, жанып-ысып,
Жолға түскем ұстаздық, алып-ұшып.
Қиналғанда, өзіңді еске алып,
Тағзым еттім талай рет, жаным құшып.
Ұлы тұлға-Ұстазым, сырың мәлім,
Жанар еңбек, самғаса құлындарың.
Қанатымды менің де, қатайтып ең,
Алып келем, өмірдің нұрын, нәрін!
Бар әлем иіледі бір басыңа,
Сенсіз мүлде, өспейді тұлға сірә.
Менің алтын, аяулы ұстаздарым,
Көр шаттығын өмірдің, жүр жасыма!