02.10.2022
  840


Автор: Арман Тосқанбаев

Үндістанда маймылдарды қалай қолға түсіретінін білесіз бе?

 


Оп-оңай.
Мойны жіңішкелеу келген қыш құмыралардың ішіне жаңғақ салып, жердің астына көміп тастайды.
Маймыл келеді.
Жердегі тесікті көреді. Тесіктегі жаңғақтарды байқайды. Жаңғақ көп.
Тесікке бес саусағын тығып жіберіп, уысына сыйғанша жаңғақ алады. Сосын оны шығаруға тырысады. Бірақ, шығара алмайды, өйткені жаңғақ толы уысы құмыраның жіңішке мойнынан өтпейді.
Тіпті, мүмкін емес!
Алғашында, маймыл қатты ашуланады, секіреді, қолын суыруға тырысады. Ол әрекетінен ештеңе шықпаған соң, тып-тыныш отырады.
Бір сағат.
Екі сағат.
Үш сағат.
Алайда, алақанын жазып, уысындағы жаңғақтарды тастау ойына келмейді!
Ол жаңғақтарды тастамайды!
Қолынан келмейді.
Сосын аңшылар келіп, маймылдарды өлтіреді. Ешқандай қарусыз, таяқпен-ақ сұлатады. Бірінен соң бірін таяқпен ұрып, құлатады. Бірақ, олар сонда да жаңғақтарын тастамайды. Біз сияқты. Сол маймылдар — біз. Уысымызда "жаңғағымыз" бар. Біреу үшін ол жаңғақ - тастауға қимайтын білімі. Енді біреулер үшін ол — сүймесе де, бірге тұруға мәжбүр күйеуі. Ал үшінші біреулер үшін ол — жалақы төлемесе де, істеп жүрген үйреншікті жұмысы...
Ал біз алақанымызды жазуға шамамыз келмей, отырмыз.
Отырмыз.
Отырмыз...
Не үшін отырмыз? Нені күтіп отырмыз? Әне-міне дегенше, таяқтарын сүйреп аңшылар да келеді. Ал біз әлі отырмыз! Өзімізді де, өзгелерді де көндіріп...
Бәрібір қайда барамыз?
Біз кімге керекпіз?
Ал мұнда қанша дегенмен жаңғағымыз бар...
Өмір бойы солай отырамыз. Зейнетке шыққанша. О дүниеге аттанғанша.





Пікір жазу