30.09.2022
130
АНТАРКТИДА
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫ
- Оңтүстік поляр аймағында Антарктика құрамына кіретін мұзды материк: Антарктида
- «Антарктика» грек тілінен аударғанда қандай мағына береді: Арктикаға қарама-қарсы
- Антарктида ауданы: 12,4 млн км2
- Аралдармен есептегенде: 14 млн км2
- Жағалауын шайып жатқан 4 теңіз: Росс, Амундсен, Уэддел, Белинсгаузен
- Егер Антарктида мұздары еритін болса: дүниежүзілік мұхит суы 62 метрге көтеріледі
- Антарктидаға тән эндемик: пингвиндер
- Антарктидада пингвиндердің неше түрі таралған: 17
- Ең көп таралған пингвин: адели (салмағы – 50 кг, бойы – 1м)
- Антарктида өсімдіктері: мүк, қына, балдырлар
- Антарктида жағалауында бүкіл ағыстар шеңбер жасап ағады және жер шарындағы ең ірі ағыс өтеді: Батыс желдер ағысы
- Антарктида материгі Ресейдің және басқа да елдердің тарапынан түбегейлі зерттеле бастады: 1957 жылдың Халықаралық геофизикалық жыл деп жариялануына байланысты
- Антарктида аталады: «Ғылым мен бейбітшілік» материгі деп
ЖЕР БЕДЕРІ, ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚҮРЫЛЫСЫ
- Ежелгі Гондвана материгінің бір бөлігі болып табылады: Антарктида
- Дүниежүзіндегі теңіз деңгейінен ең биік материк: Антарктида
- Материктің орташа биіктігі мұз жамылғысымен есептегенде: 2040 м
- Трансарктикалық тау материкті бөледі: батыс және шығыс бөлікке
- Шығыс бөлігінің негізін құрайды: Антарктика платформасы
- Батыс Анктаркида жер бедері: таулы
- Эребус сөнбеген жанартауы орналасқан: Росс теңізіндегі аралдардың бірінде
- Антарктиданың ең биік нүктесі: Винсон тауы 5140 м
- Антарктиданың ең төмен нүктесі: Бентли ойысы (-2555 м)
ЗЕРТТЕЛУІ
- Ең соңғы ашылған материк: Антарктида
- Антарктида материгінің ашылған уақыты: 1820 жылдың 28 қаңтары
- Антарктида материгін ашқан саяхатшылар: орыс экспедициясының мүшелері Ф.Ф. Белинсгаузен мен М.П.Лазарев
- Антарктиданың орталық бөлігіндегі оңтүстік полюске бірінші болып жетті: Руаль Амундсен басқарған норвег экспедициясы 1911 жылы 11 желтоқсанда
- Антарктида материгін жүйелі зерттеулер басталды: 1957-1958 жылғы Халықаралық геофизикалық жыл шеңберінде
КЛИМАТЫ
- Мұз жамылғысы мен географиялық орнының әсеріне байланысты орнайды: өте қатал климат
- Материктің үстінде қалыптасады: суық және құрғақ ауа массалары
- Қыс айларында: -80°С
- Жазда: -20°С
- Жер шарындағы ең суық температура тіркелген: «Восток» станциясында -89,2°С
- Жауын-шашын түседі: қар түрінде
- Антарктиданың орталық бөлігіндегі жылдық жауын-шашын мөлшері: 50мм-700 мм
- Жауын-шашын мөлшері заңдылық бойынша азаяды: жағалаудан орталық бөлігіне қарай
- Үнемі мұздар жылжып, қайраңдық мұздардың жинақталуын туғызады: материктің орталық бөлігінен жағалық бөлігіне қарай
- Жағалық мұздықтар еріп, мұзтаулар бөлінеді: жаз айларында
- Үнемі қатты күqде, яғни қар мен мұз түрінде болады: ішкі сулары
- Мұздың көлемі: 24 млн км3
- Материктегі мұздың орташа қалындығы: 1720 м
- Ең қалың жері: 4300 м болатын Шмидт жазығы
- Антарктида мұздарында дүние жүзіндегі тұщы судың неше пайызы шоғырланған: 80%