29.09.2022
  139


Автор: Бауыржан ЖАҚЫП

Оңтүстіктен Ебінің есті желі...

Оңтүстіктен Ебінің есті желі,
Жұлдызды аспан көрпедей әжем жапқан.
Балықшының дауысы естіледі
Өзен жақтан.
Шомылдырып жарыққа жарты аспанды,
Баяу ғана қалықтап Ай жүзеді.
Ұйқысынан шошытқан жартастарды
Байғыз еді.
Жапырықтар ақырын сыбдырлайды,
Нәзік үнді ағаштың қоңырауы.
Сәлден кейін таң келіп түнді ұрлайды,
Қып-қызыл боп аспанның омырауы.
Үнсіз батып жатқандай ойға дала,
Ағады өзен ауылды орағытқан.
Шық-көзімен таңырқап айналаға
Атады ағарып таң.





Пікір жазу