29.09.2022
  89


Автор: Бауыржан ЖАҚЫП

Қарағайлар тың тыңдайды...

Қарағайлар тың тыңдайды,
Қайың ерер жетекке,
Байғыз мұнда сұңқылдайды,
Шақырады көкек те.
Түннің іші ит үреді,
Айға қарап көктегі,
Көкірегімнен күй түледі,
Алатаудың көктемі.
Анадайдан қалғып–мүлгіп,
Талғар шыңы дем берер.
Періштелер қарғып тұрдық,
Ұйықтап жатыр пенделер.
Ақбұлағым жатыр ағып,
Төңірегіне от беріп.
Топырақтан тоқым алып,
Шапты тауда Ақ бөрік.
Ақбұлаққа ақшы дер ем.
Мөлдіреуді ұмытқан,
Талғар түнін жақсы көрем,
Жүрегімді жылытқан.





Пікір жазу