29.09.2022
  758


Автор: Тәрбиешілер күні

Тәрбиеші апайлар

Бала тілін түсініп,
Мына өмірге баптайтын.
Тәрбиеші апайлар,
Ел үмітін ақтайтын.

Олардың кең жүрегі,
Жағдай жасар балаға.
Ойнатады баланы,
Жайын жасап далада.

Тәрбиеші апайлар,
Балаларша күледі.
Балалармен балаша,
Бала болып жүреді.





Пікір жазу