28.09.2022
  148


Автор: Бауыржан ЖАҚЫП

Көрдім...

Оғыз ханның жаққан шырағын көрдім,
Мақтұмқұлының шапқан пырағын көрдім.
Алп Арсланның алтынға толған уысын көрдім
Молла Непестің ұрпаққа қалған ырысын көрдім.
Селжүктің тас шапқан қайқы қылышын көрдім.
Түрікмендердің ынтымақты ұлысын көрдім.
Әндәліптің жазған жыр-әнін көрдім,
Ғасырлар сүзген мөп-мөлдір бұлағын көрдім.
Нұх пайғамбардың қалдырған өсиетін көрдім
Сұлтан Санжар салған мешіттің қасиетін көрдім.
Түрікменнің сөзі жүйелі абызын көрдім.
Қорқыт бабаның киелі қобызын көрдім.
Алты ұлы қоршаған Оғыз қалдырған сан ізін көрдім,
Ақиқатқа айналған түрікменнің аңызын көрдім.





Пікір жазу