28.09.2022
135
Батыстау
Батыстау барам өтіп мен қасыңнан,
Алдымнан шексіз-шетсіз жол да ашылған.
Дөңбекшіп ұйықтай алмай қапырықтан,
Айдынын Күнге төсеп көл де асылған.
Батыстау сен қандайсың, мен қандаймын,
Көркіңе көз суарып, қанғандаймын.
Бауырыңда алтын, күміс жатыр десе,
Бауыржан балаң болып таңданбаймын.
Батыстау Арқадағы жауырыным,
Көркі бар көшкен бұлттың сауырының.
Жұмбақ тау сендей болар, үндемейсің,
Қондырған ертегінің самұрығын.
Сөнбейтін алау жақтым, от ұстадым,
Көз жұмып таптым сені шатыспадым.
Аш, маған өткен жылдарқұпиясын,
Көненің көзі болған
Батыстауым!