28.09.2022
  236


Автор: Бауыржан ЖАҚЫП

Қазақтың дастарханы

Санамда сан алуан
ой баптатқан,
Көлбайдың қою шайы-ай
қаймақ қатқан.
Шай құйып сусыныңды
қандырады,
Қарындас қос бұрымын
ойнақтатқан.
Төгілген ақ бауырсақ
дастарханда,
Ауылдан дәм бұйырса,
бас тартам ба.
Ақ бұлтқа қолым созып
жолға шықтым,
Арманым алып шығар
асқар тауға.
Дастархан ірімшік пен
дәмді уыздан,
Жайылар қашан өтсең,
алдымыздан.
Сары май, сықпа құрт пен
талқан, қоспа,
Жеп алып, бір сімірсең
бал қымыздан.
Балқыған жан-дүнием
бұрын-дағы,
Шәй ішсем, тұла бойым
шымырлады,


Ұмытып қала шуын
мызғып алам,
Піскенше қалқатайдың
қуырдағы.
Қазақтың дастарханы-ай,
құнар қандай?!
Қараймын көзім тойып,
құмар қанбай.
Көлбайдың қою шайы-ай
қаймақ қатқан.
Жандырар жанарыңды шырағдандай.





Пікір жазу