28.09.2022
  275


Автор: Бауыржан ЖАҚЫП

Алаш оты

Тасшоқы, Алтыншоқы,
Сұлушоқы,
Уақыттың маздап жанған
құбылса оты,
Жазғанын Әлиханның
тауып алып,
Жас ұрпақ жадыңа ұстап,
бірінші оқы.
Ақшоқы, Қызылшоқы,
Қарашоқы,
Кеудемде жанады лаулап
Алаш оты.
Кітабын Ахмет пен
Міржақыптың,
Балалар, көзіңді ашып, таласа оқы.
Көкшоқы, Күмісшоқы,
Қоңыршоқы,
Қазақтың «мен мұңдалап!» -
жағылса оты.
Мағжан мен Жүсіпбектің
маржандарын,
Теңізден сүзіп алып,
табылса оқы.
Наршоқы, Жалғызшоқы,
Құлыншоқы,
Ұлтының солар болған
жылынса оты.
Ардақтап Алаш туын
мен өтемін,
Болса да Уақытттың
бүгін соты.





Пікір жазу