Ақынхана 2
Тым жүдеулеу үйге қайтып келемін,
Түйсігімде бір ұғымы көненің,
Бар сырымды білген жанның қолынан,
Мен түбінде өлемін...
Қарғалардың қанатында бар мұңым,
Мені қайда бастап кетті әр күнім,
Адай қыздың бұрымындай жолдарым,
Қожа қыздың меңіндей- ақ тағдырым...
Ақынхана, күнім қайда бұрынғы?
Ей, достарым, тұрып тыңда жырымды!
Бір шырпымен алты шылым тұтатып...
Бөліп шегіп алайық бір шылымды...
Ақын аға, мейлі- мейлі сөк мені,
Мен құдайға, құдай маған окпелі,
Қайта айналып келесің бе бір күні,
Ей, 2017нің көктемі!
Мен қайдамын, Ол қайда жүр бүгінде?
Тәтті мұңы кермектеніп үнінде,
Ей, 2018 дің коктемі,
Топырағыңды жастанамын түбінде...
Тым жүдеулеу үйге қайтып келемін,
Ақынхана, есімде әлгі өлеңім,
Жүз жылдан соң аруақ боп қайта кеп,
Үрдісімен шайырлардың, көненің,
Бақсы биін билеп- билеп беремін...
Ей, Ақынхана!