27.09.2022
  108


Автор: Арқалық Әмәлиятұлы

Күншығыс пен көкжиек

(Алаш ордашылардың рухына)
Күншығыстан көрінгенде күн- арай,
Ертеңіме көбейеді күмәнім.
Түс болмай- ақ кештен көңіл сұрамай
Батып кеткен бабамды ойлап жыладым.
Алашадан алқымына кек байлап,
Қарашаға сіңіп кеткен ғұмыры.
Алаш ұлы- сөнбейтұғын текті айғақ,
Бес күнімінің- өткені мен бүгіні.
Біздің тарих- құралатын жасыннан,
Біздің ғұмыр- Сарарқаның жаңбыры.
Біздің айғақ- елі үшін атылған,
Әлихан мен Ахметтің тағдыры.
Балбал тасқа бақи мұңы жазылған,
Тегін емес аруаққа сиыну.
Көрі олардың көк аспаннан қазылған,
Керек болса бөтен елде қиылу.
Қарт ғасырдың қабағынан құлаған,
Тамшы термін тұл заманның қолында.
Мен Мағжанмын, Шәкәріммін дін аман,
Құрбан болған әділдіктің жолында.


Күншығыстан көрінгенде күн- арай,
Мұңлы әуені жаңғырады ескі әннің.
Заманға да, қоғамға да ұнамай,
Батып кеткен бабаларды еске алдым!





Пікір жазу