27.09.2022
110
Тілек мейрамға
Қаңғып қалсам, көшесінде Санжының,
Онда менде арман не?
Мені бір күн тәрік қылса әлгі мұң,
Онда құдай алған де!
Тас көшеге сіңіп қалған сырларды,
Мүйістер мен мәйханалар жасырсын.
Мастар жаттап біз оқыған жырларды,
Мақтауымызды асырсын...
Мына өмір кездесумен басталып,
Мына өмір қоштасумен тынатын.
Кетсем бір күн ана өмірден бақ тауып,
Жыр оқысын тәңіршілдеу бір ақын...
Жыр оқысын, түсінбеймін басқаны,
Өмір- өлең, мені көкке алып ұш!
Қолын бұлғап Күнікей қыздың аспаны,
Шақырады сағыныш...
Қаңғып қалсам көшесінде Санжының,
Тілек ағоооу, онда менде арман не?
Егер мені тәрік қылса әлгі мұң,
Онда құдай алған де!