Тағдырлас тамшылар
Тас көшеге тамып жатқан тамшылар
Жылайды, естіңдер.
Мен оларға алақанымды тостым,
Олар еркелей құлайды,
Бақыттың жоқтығын кеш білген.
Құлан иек далада шаң қауып,
Тұншыққан мөлдірлер,
Кешіріңдерші, түсінбесе ешкім!
Алжыған қартайған табиғат,
Құдай ма? –олар да көлгірлер!
Ақ бұрқақ ашуың болса да,
Елемес сендерді ешкім де.
Шөптерден мейрім күтпеңдер,
Олар да жасанды пендеге сенетін,
Қалмаған гүлдерде де ес мүлде!
Аяулы тамшылар,
Аялайды сендерді енді кім?
Ақымақ адамдар секілді құдайға сендіңдерКөп ішіп алыпты ол бүгін!
Нәп- нәзік тамшылар,
Хат- хабар әкелер жұлдыздан.
Кешіріңдерші жер бетінің ақымақтарын!
Кінәлау керек болса біреуді,
Кіналаңдар аспанды құл қылған!
Қара жерге құлаған тамшылар,
Көз жасы іңірдің, бейуақтың.
Қолымды тосайын, келіңдер, қоныңдар,
Қолынан келері осы- ақ,
Сенімен тағдырлас бейбақтың!