27.09.2022
  110


Автор: Арқалық Әмәлиятұлы

Қаныбек

Қазандағы қайтқан құстың қанатын,
Кебін қылып кеудесіне жабатын...
"Маған атақ берілмейді, бермес..."деп,
Үркер болып ауып кеткен сол ақын...
Көктеменің жаңбырына жуынып,
Қаратауға қара өлеңнен ту іліп,
Жолы болмай кеткен ақын Қаныбек,
Наурыздың он үшінде туылып!
Қабылан ақын, қайғылы ақын, шер ақын,
Күркешеден күннің мінген кер атын,
Құс жолынан жұлдыз болып ақты ол,
Қаратасқа жазған күні ел атын...
Жаттанды өмір, ұмытшақ сол аянмен,
Еш түйсіксіз өтіп барады аяңмен,
Баянсыздау дүниеге ол ақын,
Өлең арнап тұр- ау, мүмкін баянмен!
Шың басынан құлағанда талып күн,
Зар болармыз сәулесіне жарықтың.
Ақын- өмір, күннен олар жаралған,
Оны қашан сезер екен ғарып күн?


Бұлаң дүние, бұғауыңды жұлып қаш,
Ақынды ешкім, ақын ешкімді ұмытпас.
Қаныбектің қадірі боп сөйлеп тұр,
Қабірінде құлазыған құлыптас!





Пікір жазу