27.09.2022
105
Жаңалық
Сен жүрген қала суытты дей ме?
Қар жапты дей ме қабағын?
Көктем біреуді ұмытты дей ме?
Сенгім келмейді, қарағым!
Тәңірі тағы түс көрді дей ме?
Тағдырдың болжап тағдырын...
Күз кетіп, тағы қыс келді дей ме?
Бізде алғашқы қар бүгін...
Ертеңді ойлау болмайды бізде,
Айтуынша елдің, ақын екенмін.
Кеше түсімде сен жайлы көрген
Түсімді жорып жатыр екенмін...
Айнадан көрдім мұңымды кейде,
Мазақ қып мені тұрады ол.
Сен жүрген қала жылынды дей ме?
Үшінші көктем шығар ол!
Баяғы кафе, тағы да келдім,
Ойладың, Күнім, сен нені?
Баяғы қала, баяғы менмін,
Жаңалық осы мендегі!