27.09.2022
130
Ғашықтық
Махаббаттың таусылған ба мол мұңы,
Сағынышыма өзім үрлеп дем салам.
Күнікей- ау, сен қоштасқан сол күні
Ғашық болдым мен саған.
Керегі не кереғарлау күдіктің,
Сүйемін деп енді, міне, айта алам.
Қоштасқаның отын жақты үміттің,
Кездесейік қайтадан.
Сен де ақынсың, тағдыр да ақын, білермін,
Барлығының ғазал- мұңы тек іште.
Ақын қылып, ақын қылып жібердің,
Сауап жазсын мойныңа періште.
Айхай салып, мына дүние жалған де,
Мирасындай тастап кеткен көненің.
Күннің қызы- ау, мына менде арман не,
Саған тартса өлеңім.
Қоштасқан күн, күз мұңайды тіл қатып,
Менің де алғаш жанарымнан жас тамған.
Бірақ, Күнім, ешкімде жоқ бір бақыт,
Дәл сол күні басталған!
Мен саған ғашықпын...