27.09.2022
243
Қайырлы түн
Тағы да қыр соңыңнан ерді ме өкпе,
Бейуақтан сенде бір күй аңсапсың.
Жиі есіме түсесің көкжиекте
Еркелесе іңірге ұялшақ күн.
Көптен күткен көктемнің тағдыры осы,
Кеміген бе өмірдің мұнша бағы?!
Менде қалған суретің жалғыз осы,
Бұны да қараңғылық тұмшалады.
Сенің мұңың білердей елес үнін,
Кеуде керді сезімге отты тілі.
Көз жасыңды көрсеттің деме, Күнім,
Оған себеп шылымның көк түтіні.
Жаңбыр жауып өткендей ақ жүзіңнен,
Бір салқындық сездіріп жанарың да.
Жалғыздық деп аталған жалғызыңмен,
Сен де түнге бұртия қарадың ба?!
Себеп қылмай сертін де, елеп көптің,
Ұрлады ма, білдіртпей айыңды күн?!
Не деп кеттім, құдай- ай, не деп кеттім,
Сау бол, қайрлы түн!