26.09.2022
  274


Автор: Арман Тосқанбаев

БРЕНДИНГТІҢ ҮШ АЛЫБЫ

Жеке бренд:
1) Кәсіби шеберлік;
2) Абырой;
3) Танымалдылық.


 


 


Кез келген жеке брендтің негізі: кәсіби шеберлік, танымалдылық және абырой❗.
Біріншісі, тәжірибе арқылы және сіздің өзіңізді дамытуға қаншалықты еңбектенетініңізге байланысты. Танымалдылық пен абырой — сыртқы ресурстар, оған жеке брендті дамытудың сапалы стратегиясын жасап және сол стратегияға сәйкес әрекет ету арқылы қол жеткізуге болады.


1️⃣ Кәсіби шеберлік.
Жеке бренд өздігінен пайда болмайды, ол үшін қоршаған ортаңызбен біліміңізді, идеяларыңызды, шабытыңызды бөліскіңіз келетін ниетіңіз болуы керек. Сонымен қатар, көп салалы маманы емес, бір тақырып бойынша мықты сарапшы болсаңыз да жеткілікті. Бірақ, сіз ол тақырыпты басқалардан гөрі әлдеқайда тереңірек меңгеруіңіз керек.


2️⃣ Сіз қандай да бір жетістікке жетіп, есіміңіз аталған жерде кәсібіңіз де бірден ойға оралатын дәрежеге жетсеңіз, ТАНЫМАЛДЫЛЫҚ та пайда болады. Ондай кезде сіздің қызметіңізді басқаларға ұсыну үшін ол адамның сізбен жеке таныс болуы да міндетті емес. Ниеті түзу аудитория сіздің беделіңізді мойындап, жұмыстарыңызды өздері-ақ бақылап отырады.


3️⃣Абырой дегеніміз — қасықтап жиналып, бір сәтте айрандай төгілетін өте нәзік дүние. Сіздің көпшілік алдында шалыс басқан қадамыңызды бір сәтте ұмыттырып жіберу мүмкін емес. Егер қоғам алдында беделді болғыңыз келсе, алдымен абыройыңызды ойлаңыз.


Бұл элементтер барлық адамдардың бойында бар, тек даму деңгейі әртүрлі. Сізде қайсысы бар деп ойлайсыз және ол жақсы дамыған ба, жоқ әлде керісінше ме?





Пікір жазу