26.09.2022
281
Түркістан күнікей
Мұңдарымдай шаш ағартар бастағы,
Қара таудың құрсап жатыр басын қар.
Түркістанға тағы келдім, Қасымда
Менендағы бақытсыздау досым бар...
Мен күлемін, ол жылайды мұң ойлап,
Тәңірі де тәкаппарлау тыртысқан.
Тағдырға сәл бағынғаны болмаса,
Екеумізге еркелейді " Түркістан "!
Сағынысқан сағыныштар қауышып,
Қара түнді аппақ әлем қылдық біз.
Қасиетті кесененің алдында,
Қасіретті сырлар айтып тұрдық біз...
Құшағымнан сытылдың сен тағы да,
Болмайық деп біз де бірі дүрмектің.
Кешірші, Алла, кесененің алдында,
Сүйісуге болмайтынын білмеппін!..
Оңашада оңтайыма жығылып,
Күмбез шаһар құшағыма құлайды.
Мен сүйемін Түркістанді тәніммен,
Ал Түркістан сүйеді екен Құдайды!
Амал не?