26.09.2022
123
![](/uploads/shorttexts/author_image/1200-0-cb0784f54dc6ca8cb1b6619d7ef4bdef.jpeg)
Сынық айна
Айна.
Бұрын.
Қарасам, балаң екем, жас екем,
Ол- сені сүймеген кезім.
Айна.
Бүгін.
Қарасам, көзім бұлдыр, мас екем,
Бұл- мені сүймеген кезің.
Үміттене қарасам, айна беті жарық нұр,
Ол- сенің құлпырған сәтің.
Сәл мұңая қарасам, қағазға жас тамып тұр,
Бұл- менің жыртылған хатым.
Күліп тұрып қарасам, кетірді мұң сәнімді,
Ол- сенің бақытты кезің.
Жылап тұрып қарасам, ақын екем кәдімгі,
Бұл- менің бақытсыз өзім.
Жарық айнаға жастығын құрбан еткен бал күнін,
Ол- сенсің үміті алдаған.
Сынық айнаға тапсырған талғамсыздау тағдырын,
Бұл менмін ұмыта алмаған.