26.09.2022
  139


Автор: Арқалық Әмәлиятұлы

Бала махаббатқа

Есіме алып ем көркіңді гүлдей,
Өткен күндерден елестер ұрлап.
Мас болып кеттім есімді білмей,
Өмірге сенсіз мұң шағып жылап.
Үмітімді үзбей тағы да сенен,
Іздеп барғамын күзгі дауылда.
Сүйтсем, сен маған шай құйып бердің,
Келін екенсің біздің ауылға.
Жаулығың маған сыр айтқысы бар,
Қайтейін сені қарамаған қыз.
Өмірдің мені мұңайтқысы бар,
Бақытты болғанмен жаман ағамыз.
Мұңдарым мүлдем асқынып кетті,
Қайталап іштей сенің атыңды.
Сырмақ астына бастырып кеттім,
Бұрынғы саған жазған хатымды.
Дәме...





Пікір жазу