26.09.2022
  118


Автор: Арқалық Әмәлиятұлы

Ауыл және сен

Қиял құсы тым алысқа ұшқан күн


Сол бір көктем қайта айналып келер ме?
Күннің қызы, сен кеп мені құтқардың,
Туған жердің сағынышы жеңерде.
Ауылымда мөлдір бұлақ бар еді,
Қалқам, сенің жанарыңнан аумаған.
Сол сағыныш көңілімнің әлегі,
Қазір енді сағыныш та жау маған.
Бұдан өткен, бұдан асқан шер бар ма?
Туған жерсіз, махаббатсыз жетімсің.
Туған жерді ұмытыппын сен барда,
Тәңір өзі кешірсін...
Ет үйреніп кетеді екен бәріне...
Сені ойлап жындануға шақ қалғам.
Ей, тәңірім, міндің сен де кәріңе,
Бір жауап та күтпен енді хаттардан...
Күрсініске бәрі- бәрін тоналтып,
Қайтер едің, есалаңмын деп күлсем?
Көңіліңнің жақындығын жоғалтып,
Ауылдан да алыс болып кеттің сен…


Мені алдады түйсігім мен жарты- ақ ай,
Мүмкін бе еді, ештеңеден жеңілмеу?
Сен жайлы енді сағыныштан қалқам- ай,
Ауыл жайлы сағынышым жеңілдеу.





Пікір жазу