26.09.2022
  435


Автор: Ұстаздар күні

Менің ардақты ұстазым

Алтыннан да ардақты, күмістен де салмақты, ардақты менің ұстазым, оқытатын жан-жақты, — деп, бүгін мен білім беріп, тәрбие беріп бар жақсыны тілеп жүретін ардақты ұстазым Алтын апайма көп рахмет, алғыс айтқым келеді. Алтын апайым расында да ерекше жаны таза, мейірімді. Қарапайымдылығында шек жоқ. Әр баланы өзінің туған жақынындай көретін ұстазымыз рухани жаны бай адам. Біз сол рухани жар азығынан қорек алып, берген білімімен сусындаймыз. Оның бізге берері көп, қуансақ қуанатын, мұңайсақ мұңаятын адам.
Осындай ерекше қасиетке ие ұстазымызды күздің екінші айының бірінші демалысында есік ашатын ұстаздар күнімен құттықтаймын.«Ұстаз ана өзіңізсіз ардақты» — деп, мен ардақты ұстазыма өмірдегі бар жақсылықты тілеймін. «Ұстаз деген — ұлы есім» демекші, ұлылардың жолын жалғаған сіздей ұстазымның барына өте қуаныштымын. Еңбегіңіз жанып, абыройыңыз арта берсін, тағы да Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ауырмаңыз, шаршамаңыз. Әрбір күзде ұстаздар күнінде ақ тілектер мен құттықтауларға жаныңыз жайнап жүре беріңіз! Алла амандық берсін!





Пікір жазу