26.09.2022
  468


Автор: Ұстаздар күні

Менің алғашқы ұстазым

Ең алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған сәтте мені күлімдеген нұрлы жүзімен қарсы алған ол менің алғашқы ұстазым Құралай апай болатын. Ол бізге алғаш рет қолымызға қалам ұстатып, әріптерді үйреткен жан. Алғашқы ұстазымыздың арқасында қалай оқу керектігін, қалай есеп шығарып, санау керектігін үйрендік. Сол үшінде сізге көп рахмет, мың алғыс айтқым келеді.
Ең алғашқы ұстаздың орны бөлек екені айтпасақ та белгілі жай, ол — Құралай апай. Барлық құрметке де, барлық алғысқа лайықты ұстаз. Әне-міне дегенше әрбір күзде келетін ұстаздар күні де есік ашып отыр. Біз үшін бұл ерекше күн тек қазан айының алғашқы демалысында тойланбайды, осы күз айларының бәрі біз үшін мейрам болып есептеледі. Сабағын жақсы оқып, тәртіпті болып ұстаздарын қуанту әрбір оқушының қолынан келеді деп ойлаймын. Сондықтан Құралай апай мен сабағымды жақсы оқып, түрлі жарыстарға қатысып алдынғы орындар алып сізді қуантқым келеді. Сіз тек ортамызда жүзіңізден күлкі кетпей, біздерге сабақ беріп жүрсеңіз болғаны. Тағы да ұстаздар күні құтты болсын, Құралай апай!





Пікір жазу