26.09.2022
  605


Автор: Ұстаздар күні

Директор ағай құтты болсын

Директор ағай мектептің,
Құтты болсын мерекең.
Ұстаздардың күнінде,
Ән-жырыммен тербетем.

Өзіңіз мектеп басшысы,
Ақ тілекті арнаймыз.
Ұстаздардың күнімен,
Құттықтауды жалғаймыз.

Шаршамаңыз талмаңыз,
Мерекеде жыл сайын.
Жалғай берсін мектепте,
Мерекелер күн сайын.





Пікір жазу