25.09.2022
  316


Автор: Олжас Сәндібек

Жауынды күн...

Жауынды күн,
тағы да жауынды күн,
Аспан бұлтты,
ал менің ауыр мұңым.
Көктем келген жоқ əлі Астанаға,
Шырқай алмай тұр əлі
сəуір жырын.
Сəуір əнін жəне де
көктем əнін,
Қосып шырқап кетуге
жетпеді əлім.
Күннің көзі ашылса абыржумен,
Əлде біреу келердей
көп қарадым.
Бір жақтардан əлде кім
келер деген,
Көңілім басылмай жүр
елеңдеген.
Күрсінсем
кеуде тұсым ауырады,
Əзірге емдеп жүрмін
өлеңменен.





Пікір жазу