25.09.2022
  790


Автор: Олжас Сәндібек

Салқын тартып...

Салқын тартып
мына күн бұлдана ма,
Менің жаным ынтызар,
жырла дала.
Жапырақтар сап-сары,
елдің бəрі
күз келді деп ойлап жүр
бұл қалаға.
Күз келген жоқ қалаға,
өлең келді,
Қалай жырлайд(ы)
табиғат шеберлері.
Қараңдаршы өздерің сенбесеңдер,
Мықты ақын ғой
мына күз менен гөрі.
Хормен жырлап жатқанда
төңірегің,
Көтерілмес сен неткен
көңіл едің.
Қайыңдардың
қасына жақындасаң,
Жапырағы
өлең боп төгіледі.


Мықты ақын ғой
мына күз менен гөрі,
Күз келген жоқ
қалаға өлең келді.





Пікір жазу