25.09.2022
170
Қамықтым, тұнжырадым...
Қамықтым, тұнжырадым,
Тамұқпын, қынжыламын.
Жігерім жасып ағып,
...шын жыладым.
Шырқамай жастық əнін,
Еңсемді басты да мұң.
Тым ерте сездім неге,
Өмірдің ащы дəмін.
Шайқалды тоғым қалмай,
Арманым орындалмай.
Соншалық дəрменсіз бе ем,
Қалың ең сорым қандай.
Жə, көңіл жабырқама,
Жөн сілтер сабыр ғана.
Əрқашан өз қалауын,
Жасайтын Тəңір ғана.