25.09.2022
436
Ұстаздардың мейрамы
Ұстаздардың мейрамы,
Әр жыл сайын тойланар.
Шәкірттері сый жасап,
Құттықтауды ойланар.
Мерекемен құттықтау,
Парызы әр шәкірттің.
Әрбір ұстаз тербелсін,
Бесігінде бақыттың.
Ұстаздардың күні бұл,
Қуанышқа бастайтын.
Шәкірттердің үні бұл,
Құттықтаумен растайтын.