25.09.2022
  100


Автор: Олжас Сәндібек

Сайтанмен арбасу

Сенім сирей бастаса
күдік гүлдеп,
Сайтан маған жетеді
тынық түн кеп.
Сұлу сөйлеп сөзіне сендірмекші,
Көп өкініш ішінде
үмітпін деп.
Білемін
ақыретте сұрақ барын,
Үмітім тозақ емес,
жұмақтан мың
Тілінен у,
көзінен сор ағызып,
Сайтандарды
ұзақ түн жылатқанмын.
Қол жайып Құдай десем
көре алмайды,
Қиылып,
қылымсиды көп арбайды.
Бас салып балағыма жабысса да.
Əйтеуір
иманымды жеңе алайды.


Құшақтайды,
сүйеді еріні улы,
Құрығына түсірмек
өрім ұлды.
Сан сайтанды
сан мəрте сан соқтырдым,
Себебі, мен
жек көрем жеңілуді.





Пікір жазу